
БІЗДІҢ AI АГЕНТТЕРІМІЗ
Білім беру саласындағы әртүрлі міндеттерді шешуге арналған бес мамандандырылған AI агенті.
1 Инклюзивті гид. Жоба көру қабілеті бұзылған білім алушыларды қолдауға бағытталған. «Инклюзивті гид» құрылғысы кампуста бағыт табуға көмектеседі, дауыс арқылы нұсқаулықтар береді және негізгі сұрақтарға жауап береді.
2 AI аватар. Жүйе автоматты түрде виртуалды аватармен видео-дәрістер жасайды. Аватар мәтінді дыбыстап, оқу материалын сүйемелдейді. Жасанды интеллект мәтінді талдайды, эмоциялар мен интонацияны анықтайды, сөйлеуді ерін қимылымен сәйкестендіріп синтездейді, сондай-ақ ым-ишара мен мимиканы генерациялайды. Видео жүктелген мәтін мен суреттер негізінде қалыптасады, кейін пайдаланушы оны өңдей алады. Білім беру платформаларымен интеграция және кері байланыс контент сапасын үздіксіз жақсартуға мүмкіндік береді.
3 «E-Curator» чат-боты. Жоба университетке арналған цифрлық көмекші (чат-бот) құруды көздейді. Бұл көмекші тәулік бойы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді, жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруді автоматтандырады және қызметкерлердің жүктемесін азайтады. Чат-бот SmartENU жүйесімен, enu.kz сайтымызбен және мессенджерлермен біріктіріледі, жекелендірілген жауаптарды қолдайды және пайдаланушы тәжірибесіне қарай бейімделеді.
4 SignBridge — ымдау тіліне аударатын жасанды интеллект ассистенті. SignBridge — есту қабілеті бұзылған адамдар үшін ақпаратты қолжетімді ету мақсатында мәтінді қазақ ымдау тіліне аударатын 3D-аватарды пайдаланатын жоба. Жүйеде ымдарды тану модулі де қарастырылған, ол ымдау тілін глосс түрінде (ымдардың шартты жазбаша белгілері) мәтінге айналдырады. Компьютерлік көру және табиғи тілді өңдеу саласындағы озық технологиялардың арқасында бұл стартап түрлі қарым-қатынас дағдылары бар адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді едәуір жақсартады және олардың қоғамға интеграциялануына ықпал етеді.
5 Дауысты қолдан жасауға қарсы қорғаныс. Телефон арқылы жасалатын алаяқтық, жалған аудиожазбалар мен киберқылмыстарға қарсы тұруға көмектесетін жасанды дауыстарды анықтайтын интеллектуалды жүйе. Қызмет Еуразия ұлттық университетінің ML порталында іске қосылды. Жүйе онлайн-анықтау, аудиофайлдарды топтап өңдеу және аномалды бөліктерді белгілейтін спектрлік жылу карталары түріндегі көрнекі визуализацияны қолдайды. Бұл оны сот сараптамасында, тәуекелдерді басқару жүйелерінде және білім беру платформаларында қолдануға ыңғайлы етеді. Жасанды интеллект негізінде жүйе синтетикалық сөйлеудің (TTS, VC) көзге көрінбейтін белгілерін анықтайды және құқықтық талдауға жарамды интерпретацияланатын қорытындылар береді. Құпиялыққа ерекше назар аударылған: қызмет сөйлеу мазмұнын талдамайды, қорғалған ортада жұмыс істейді және әрекеттер аудитін қамтамасыз етеді.
6. Руна жазуын Optical мен Intelligent character recognition арқылы тану және талдау. Тарихи мұраларды сақтау және цифрлық форматта өңдеу мақсатында жасалған инновациялық жоба. Жүйе пайдаланушыға руна мәтіндерін латын әліпбиіне транслитерациялау, египет иероглифтерімен салыстыру, танылған мәтінді өңдеу және оны кері бағдарлама арқылы тексеруге мүмкіндік береді.
