
AI BOOTCAMP
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «AI-Sana» жеделдетілген инновациялық бағдарламасы аясында тірек жоғары оқу орны ретінде анықталды. Бұл университеттің білім беру үдерісін цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу бағытындағы жұмысының стратегиялық маңыздылығын айқындайды.
Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру мақсатында ЕҰУ білім алушыларына арналған «AI Bootcamp: Жасанды интеллект негіздері бойынша интенсивті курс» әзірленіп, платформаға жүктелді. Курс көлемі – 36 академиялық сағат, сәтті аяқтағандар сертификатқа ие болды. 2025 жылдың мамыр айында бұл курсты 23 951 білім алушы игерді. Біз «AI-Sana» бағдарламасын ілгерілету үшін өзіміз әзірлеген курстарды пайдалануға рұқсат етілген санаулы университеттердің қатарына ендік.
Сонымен қатар, «AI-Sana» бағдарламасы аясында Онлайн оқыту департаментінің кураторлары ЕҰУ білім алушыларының ҒжЖБ министрлігі ұсынған платформаларда жасанды интеллект бойынша курстардан өтуін қамтамасыз етті. Атап айтқанда, Huawei платформасында – 5595 білім алушы, ал Astana Hub платформасында – 1074 білім алушы курсты игерді.
Курс бағдарламасы студенттердің оқу процесінде сенімді көмекші бола алатын ең заманауи жасанды интеллект құралдарын қамтыды.
«AI Bootcamp: Жасанды интеллект негіздері бойынша интенсивті курс»
- Жасанды интеллект тақырыбындағы подкаст – қазіргі үрдістер мен ЖИ-дің қолданылуымен танысу;
- Жасанды интеллектке кіріспе;
- Студенттерге арналған жасанды интеллект;
- ChatGPT – сіздің жеке оқу көмекшіңіз;
- Notion – ұйымдастыру, жазбалар, мәтін генерациясы;
- Consensus – ғылыми фактілерді іздеуге арналған жасанды интеллект;
- Gamma – ЖИ презентация жасау құралы;
- Perplexity – ЖИ дереккөздерді сілтемелермен іздеу;
- YouTube Summary – автоматты сілтеме қызметі;
- Synthesia – бірнеше минут ішінде аватармен бейне;
- VEED Video GPT: видео жасауға арналған ЖИ;
- Sora – мәтінді бейнеге айналдыратын жасанды интеллект;
- NotebookLM – оқу материалдарымен жұмыс жасауға арналған ақылды көмекші.
Курсты сәтті аяқтаған білім алушыларға SmartENU платформасында 36 сағаттық сертификаттар жүктеп алуға қолжетімді.


