
«AI Storytelling» байқауы: «Университеттегі бір күнім» тақырыбында жасанды интеллектпен бірлесіп әңгіме жазу
2025 жылғы 15–28 қыркүйек аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Онлайн оқыту департаменті білім алушылар арасында « Университеттегі бір күнім » тақырыбында жасанды интеллектпен бірлесіп қысқа әңгіме жазуға арналған шығармашылық байқау ұйымдастырды. Байқау жасанды интеллект апталығы аясында өтіп, креативті ойлау мен цифрлық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ әдеби шығармалар жасау барысында жасанды интеллектінің әлеуетін зерттеуге бағытталды. Мұндай формат студенттерге өз қиялын жүзеге асырып қана қоймай, заманауи цифрлық құралдармен тиімді жұмыс істеуді үйретеді.
Байқауға жіберілген әрбір әңгіме жасанды интеллектінің көмегімен жасалды – ол идеяларды генерациялау, мәтін құрылымын түзету, бірлесіп диалогтар жазу, мәтінді дыбыстау немесе әңгіменің бейне-нұсқасын жасау түрінде болуы мүмкін.
Байқауға түрлі факультеттердің студенттері қатысты, барлық жұмыста жасанды интеллект құралдары пайдаланылған. Онлайн оқыту департаменті қызметкерлері мен филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамынан құралған байқау комиссиясының шешімімен ұсынылған 11 әңгіменің ішінен үздік төрт жұмыс таңдалып алынды.
Казбекова Ляйкен Амангельдиновна – бас жүлде;
Азнабеков Алтынбек Азаматович – І орын;
Әнтай Айқаракөз Рамазанқызы – ІІ орын;
Галымжан Томирис Дауренбекқызы – ІІІ орын.
Байқау лауреаттары ректордың алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«AI Storytelling» байқауы шығармашылық әлеуетті танытудың мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар технологиялардың адам қиялын шабыттандырып, оның көкжиегін кеңейте алатынын түсінуге арналған маңызды қадам болды.
